18.06.2026 11:12

Қазақстандағы автопарктегі электркөліктердің үлесі небәрі 0,5%-ды құрайды

Электромобильдердің ең көп саны Алматыда тіркелген.

AutoReport редакциясы
Қазақстандағы автопарктегі электркөліктердің үлесі небәрі 0,5%-ды құрайды
Фото: Pixabay

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 32 479 электрлі көлік құралы тіркелген. Олар еліміздегі жалпы автопарктің 0,5% үлесін иеленеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Электромобильдердің ең көп саны Алматы (17 506 бірлік) және Астана (3 235) қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында (2 857) тіркелген.

Жаздың басында Қазақстанның автопаркінде шамамен алты миллион көлік құралы болды. Олардың басым бөлігі (84,2%) – жеңіл автокөліктер.

Пайдаланылатын отын түрі бойынша елдегі автокөліктің 80%-ы бензинмен жүреді.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 2 122 электромобиль сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен бес есе көп.