
Astana Motors құрамындағы BYD-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы отандық нарық үшін үш жаңа гибридті модельге – Seal 6, Yuan Up DM-i және Atto 8 автомобильдеріне алдын ала тапсырыс басталғанын жариялады. Көліктерді жеткізу 2026 жылдың тамыз айында күтілуде. Тапсырысты брендтің барлық дилерлік орталықтарында рәсімдеуге болады.
Айта кетейік, BYD-дің қазіргі модельдік қатарындағыдай, барлық автомобильдерге кепілдік беріледі: 6 жыл немесе 150 мың шақырым жүріс, сондай-ақ батарея мен электр қозғалтқышына 8 жыл немесе 150 мың шақырым жүріс, ал жүріс бөлігіне (ходовая часть) 4 жыл немесе 120 мың шақырым жүріс.
Орта өлшемді, қосылмалы гибридті BYD Seal 6 седаны 1,5 литрлік қозғалтқышпен және сыйымдылығы 15,8 кВт/сағ болатын BYD Blade батареясымен жабдықталған. Бұл автомобильге 2020 шақырымға дейінгі аралықты бағындыруға мүмкіндік береді (NEDC циклі бойынша жиынтық жүріс қоры). Жанармай шығыны NEDC циклі бойынша 100 шақырымға бар-жоғы 3,4 литрден басталады.
Қазақстанда бұл автомобиль ең жоғарғы Flagship комплектациясында қолжетімді және шанақтың төрт түсінде (көк, ақ, қара және сұр) ұсынылады.
"Жаңа модель толық электрлі режимнің артықшылықтарын гибридті режимдегі (PHEV) аса үнемді пайдалану мүмкіндігімен ұштастырады. Осының арқасында иелері таңдау еркіндігіне, экологиялық тазалыққа, ұзақ сапарларда сенімділікке және кез келген жағдайда жайлы қозғалысқа қол жеткізеді", – деді BYD-дің Қазақстандағы дистрибьюция директоры Антон Кущ.
Автомобильдің алдыңғы бөлігі айдаһар қабыршағы мотивтерімен және нүктелі өрнекпен жасалған фирмалық радиатор торымен ерекшеленеді, бұл көлікке айқын әрі үйлесімді көрініс береді. Тордың үстінде айдаһардың жанарын елестететін көлемді 3D күндізгі жүріс шамдары орналасқан. Олар көліктің танымалдылығын арттырып қана қоймай, тамаша көрініс сапасы арқылы қауіпсіздікті де күшейтеді.
Бұл бейнені бес қос тармақты, 18 дюймдік екі түсті спорттық жеңіл қорытпалы дискілер толықтырып тұр. Олардың айқын геометриясы автомобиль тоқтап тұрғанда да қозғалыс әсерін сыйлайды.
18 дюймдік екі түсті спорттық жеңіл қорытпалы дискілер
Салонда 15,6 дюймдік мультимедиалық дисплей орнатылған. Ішкі әрлеу жұмыстары премиум санатты эко-былғарыдан жасалған. Сатып алушылар үшін салонның екі түсі (қара және сарғыш) қолжетімді.
Алдыңғы орындықтар электрлі реттегіштермен, желдету және жылыту функцияларымен жабдықталған. Екінші қатардың едені тегіс болғандықтан, жолаушылардың аяқтары үшін көбірек орын бөлінген, ал жүк салғыштың 504 литрлік көлемі бұл көлікті күнделікті сапарлар үшін де, отбасылық саяхаттар үшін де ыңғайлы етеді.
Автомобильдің Қазақстандағы құны 12,99 млн теңгені құрайды.
Гибридті BYD Yuan Up DM-i кроссовері 1,5 литрлік қозғалтқышпен және сыйымдылығы 18 кВт/сағ болатын BYD Blade литий-темір-фосфатты батареясымен жабдықталған. Жанармай шығыны 100 шақырымға 3,1 литрден басталады.
BYD Yuan Up DM-I
Автомобильдің жиынтық жүріс қоры 1100 шақырымға жетеді (NEDC циклі бойынша). Бұл ретте желіден сырттай қуатталу мүмкіндігі бар кроссовер тек электр қуатымен 110 шақырымға дейін жүре алады, бұл бензин қозғалтқышын іске қоспай-ақ күнделікті қала ішіндегі сапарларды толық өтеуге мүмкіндік береді.
BYD Yuan Up DM-i Қазақстанда жалғыз комплектацияда ұсынылған және шанақтың төрт түсінде – түн түстес көк (Midnight Blue), обсидиан қара (Obsidian black), ақ (Skiing white), сұр (Time grey), сондай-ақ салонның екі түсінде: сарғыш және қара нұсқасында қолжетімді.
Салонда 8,8 дюймдік толық СК (ЖК) аспаптар панелі және 12,8 дюймдік сенсорлы экран орналасқан. Ақпараттық-ойын-сауық жүйесі BYD-дің ең соңғы бағдарламалық жасақтамасын пайдаланады, оның ішінде жылыту мен желдетуді бірнеше саусақ қимылымен басқару функциясы бар.
.jpg)
Жүргізушіге көмекші жүйелердің ішінен алдыңғы және артқы парктрониктер, айнала шолу камерасы, жүргізуші орындығын алты бағытта электрлі реттеу, алдыңғы орындықтар мен рульді жылыту, сондай-ақ 50 ваттық сымсыз зарядтау панелі бар. Электрлі күнқағары бар панорамалық шатыр кеңістік сезімін арттырады, ал Vehicle to Load (V2L) технологиясы қуаты 3,3 кВт-қа дейінгі сыртқы құрылғыларды токпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл кроссоверді табиғат аясында тұрмыстық техниканы қосуға арналған қуатты сыртқы энергия көзіне айналдырады.
Модельдің құны 12,69 млн теңгені құрайды.
Премиум кластағы жеті орындық гибридті BYD Atto 8 кроссовері 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен, сондай-ақ екі электр қозғалтқышымен жабдықталған. Бұл автомобильдің осьтер арасында тартымды интеллектуалды бөлуін және әртүрлі жол жағдайларында сенімді қозғалысын қамтамасыз етеді.
AWD толық жетек жүйесі мен DM-p технологиясының арқасында автомобиль серпінді екпін алу сипаттамаларын көрсетеді – 100 км/сағ жылдамдыққа бар-жоғы 4,9 секундта жетеді, бұл ретте ұқсас кластағы дәстүрлі автомобильдермен салыстырғанда жанармай шығынын төмен деңгейде (100 шақырымға 6,6 литрден бастап) сақтайды.
BYD Atto 8
"Бұл модель алыс сапарларға шығу мүмкіндігі бар кең отбасылық автокөлікті қажет ететін клиенттерге арналған. Гибридті жүйе қалалық режимде сыйымдылығы 35,6 кВт/сағ фирмалық қауіпсіз BYD Blade батареясымен электр жетегінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар аралас бағыттарда пайдалану кезінде жанармай мен электр тарту күшінің жиынтық жүріс қорын NEDC циклі бойынша 1017 шақырымға дейін қамтамасыз етеді", – деді Антон Кущ.
Қазақстанда автомобиль толық жетекті және Dual Mode Performance (DM-p) параллельді-тізбекті гибридті жүйесі бар ең жоғарғы AWD DM-p комплектациясында қолжетімді. Модель шанақтың төрт түсінде – "сия көк" (Ink Cyan), "қардай ақ" (Snow White), "обсидиан қара" (Obsidian Black) және "галактикалық сұр" (Galaxy Grey), сондай-ақ стандартты қара салон нұсқасында ұсынылады.
Нағыз технологиялық артықшылық автомобильдің архитектурасында жатыр, мұнда озық шешімдер жүргізу сапасын жаңа деңгейге көтереді. DiSus-C Intelligent Damping Suspension аспасы теңселуді, бойлық тербелістер мен дірілдерді белсенді түрде басып, өз класындағы ең үздік бірқалыптылық пен бақылау деңгейін қамтамасыз етеді. Алдыңғы екі иінді және артқы бес иінді аспалар жоғары тұрақтылық пен дөңгелектерді дәл басқаруды қамтамасыз етеді. Олармен бірге iCCT (Intelligent Comfort Control System) жүйесі жұмыс істейді, ол автомобильдің әрбір қозғалысы табиғи әрі теңгерімді сезілуі үшін аспаның, күштік қондырғының және тежегіш жүйесінің жұмысын үйлестіреді.
BYD Atto 8 үш қатарлы орналасуы бар кең салонымен ерекшеленеді. Автомобиль әртүрлі заманауи цифрлық сервистермен, үлкен 15,6 дюймдік сенсорлы дисплеймен, белсенді қауіпсіздік және жүргізушіге көмекші жүйелердің кеңейтілген пакетімен, салон ішінде 21 динамигі бар премиум санатты DiSound аудиожүйесімен, сондай-ақ барлық жолаушылар үшін жоғары жайлылық деңгейімен жабдықталған. Жабдықталуына заманауи мультимедиалық шешімдер, автомобильді интеллектуалды басқару функциялары және электронды ассистенттердің кең жиынтығы кіреді.
Модельдің құны 23,49 млн теңгені құрайды.