
2026 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қазақстанда қытайлық брендтердің 66,9 мың жаңа жеңіл автокөлігі сатылды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Осылайша, қазақстандық нарықтағы қытайлық автокөліктердің үлесі 49,3%-ға жетті. Бұл 2025 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіштен 8,8 пайыздық тармаққа артық, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда ең көп сатылған қытайлық автокөлік көшбасшылары:
Бірінші жартыжылдықта сатылымның ең үлкен өсімін BYD (+241%), Deepal (+182%) және Changan (+177%) көрсетті.
Қытайлық автокөліктер ең көп Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында сатылады.
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарынан маусымына дейін ресми дилерлер 105 886 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға көп. Бірінші жартыжылдықта нарық көшбасшылары Chavrolet, Hyundai және Kia брендтері болды.