
2026 жылғы мамырда қазақстандық кәсіпорындар 15 178 көлік құралын шығарды. Бұл өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 41,7%-ға және 2026 жылдың сәуірімен салыстырғанда 16,3%-ға көп, деп хабарлайды Қазақстан автокөлік одағының баспасөз қызметі.
2026 жылғы өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 36,1%-ға өсіп, 78 580 бірлікке жетті. Оның ішінде жеңіл автокөліктер 73 122 бірлік (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +39,7%, автобустар 1 281 бірлік (+35,3%), жүк көліктері 2 396 бірлік (-13,1%), арнайы техника 297 бірлік (-3,9%), сондай-ақ тіркемелер мен жартылай тіркемелер 1 484 бірлік (+4,7%).
2026 жылғы қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша автокөлік, тіркеме және жартылай тіркеме өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 932,9 млрд теңгеге жеткен, бұл былтырғы осыған ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 15,5% жоғары. Машинажасау құрылымындағы автокөлікжасаудың үлесі 41,6%-ды құрады.
Жыл басынан бері Қостанайдағы Allur 27 911 бірлік техника жасады (-8,6%). Екінші орынға 21 478 автокөлік өндірген жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты жайғасты. Hyundai Trans Kazakhstan 16 161 автокөлік шығарды (-28,8%). Kia Qazaqstan кәсіпорны қаңтар-май нәтижесі бойынша 8 059 автокөлік құрастырды.
Коммерциялық техника өндірушілер арасында QazTehna оң динамика көрсетіп, 1 311 бірлік техника шығарды (+82,3%). СемАЗ – 1 062 бірлік (-24,6%), Hyundai Trans Almaty – 503 бірлік (+185,8%), «КАМАЗ-Инжиниринг» – 279 бірлік техника (-49,2%), Daewoo Bus Kazakhstan 264 автобус (+230%) өндірді. Оралдағы «Уральскагрореммаш» 106 бірлік арнайы техника жасады. Orbis Machinery өндірістік алаңы 97 бірлік техника шығарды. Басқа өндірушілердің үлесінде 1 349 бірлік техника.
Қазақстандық кәсіпорындар ең көп шығарған автокөлік брендтері: Hyundai (16 131 бірл.) көш басында келеді, одан кейін Chevrolet (14 996 бірл.) мен Kia (9 209 бірл.) тұр. Changan автокөліктерінің өндірісі 8112 бірлікке дейін өсті. Әрі қарай тізімде Chery (6 290 бірл.), Haval (6 154 бірл.), Jetour (3 821 бірл.), JAC (3 093 бірл.) орналасса, ондықты Geely Galaxy (2 678 бірл.) мен Tank (922 бірл.) түйіндеді.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанда, Қостанайдағы Allur зауытында GAC автокөліктерінің өндірісі іске қосылады деп күтілуде. 2028 жылдың соңына дейін барлығы 17 мың бірлік көлік шығару жоспарланған.
Бұған дейін Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында қытайлық Omoda және Jaecoo автокөліктерін шығару басталған болатын. Алғашқы отандық құрастырылымнан шыққан модельдер — Jaecoo J7 және Jaecoo J5.