07.07.2026 16:48

Қазақстанда электромобильдер саны күрт өсті

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда электромобильдер саны күрт өсті
Фото: Pixabay

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,6%-ға көп.

Электромобильдердің ең үлкен паркі Алматы қаласында шоғырланған, мұнда 15 280 көлік бар. Олар Қазақстандағы барлық электрлі көлік паркінің 62%-ын құрайды. Үздік үштікке сонымен қатар 2 885 электромобильмен Астана қаласы және 1 589 бірлік тіркелген Алматы облысы кіреді.

Электромобильдер Қазақстанның барлық аймақтарында бар, алайда олардың бөлінісі әлі де біркелкі емес. Ең төменгі көрсеткіштер Абай облысында – 78 автокөлік және Ұлытау облысында – 41 автокөлік болып тіркелді.

Еске сала кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, электрлі көлік құралдары Қазақстандағы жалпы автопарктің 0,5%-ын құрайды.