16.07.2026 11:40

Қазақстанда Li L9 Livis таныстырылды

Автокөліктер Yandex сервистерімен жабдықталған.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда Li L9 Livis таныстырылды
Фото: Яндекс.Авто

Қазақстанда премиум санаттағы гибридті Li L9 Livis жол талғамайтын көлігінің таныстырылымы өтті. Автокөліктің құны 51,9 млн теңгені құрайды, сондай-ақ 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін арнайы ұсыныс бар.

Li L9 үшінші буынның жүріс қорын ұлғайту жүйесімен жабдықталған. Ол тек электр қуатымен WLT циклі бойынша 420 шақырымға дейін жүруді қамтамасыз етеді, ал аралас режимдегі жалпы жүріс қоры 1 650 шақырымға жетеді.

Автокөлік 800 вольттық архитектура негізіндегі белсенді аспалы шассимен, сым арқылы басқару (Steer-by-Wire) жүйесімен, бұрылатын артқы дөңгелектермен, сондай-ақ 29 дюймдік панорамалық экраны және Qualcomm Snapdragon 8797 есептеу платформасы бар жаңа буынның интеллектуалды кокпитімен жабдықталған.

“Орталық Азия біздің жаһандық экспансиямыздың негізгі бағыттарының бірі болып табыды, ал жаңа Li L9 озық технологияларының арқасында флагмандық автокөліктің жаңа стандартын белгілейді. Ресми серіктестерімізбен бірге біз Қазақстанның отбасыларына автокөлікті пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тырысамыз”, — деп мәлімдеді Li Auto компаниясының халықаралық бизнес жетекшісі У Цзомин.

Сондай-ақ жаңа Li L9 Livis модельдері Yandex сервистерімен жабдықталған. Көліктің интеллектуалды жүйесіне нақты уақыт режиміндегі жол жағдайы туралы ақпараты және ақылды навигациясы бар «Яндекс.Карталар», сонымен қатар «Яндекс.Музыка» және «Кинопоиск» сервистері біріктірілген.

“Яндекс.Авто” өкілдерінің мәлімдеуінше, Li L9 иелері “Яндекс.Карталар” көмегімен нақты уақыт режиміндегі жол кептелістерін ескере отырып бағыт құра алады, офлайн-карталарды пайдаланып, камералар мен жол жөндеу жұмыстары туралы ескертулерді ала алады. Ал “Яндекс.Жанармай” сервисімен интеграция жол бойындағы қолайлы жанармай құю станцияларын табуға және көліктен шықпай-ақ онлайн режимде жанармай ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Li L9 Livis құны 51,9 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін әрекет ететін арнайы ұсыныс қолжетімді. Осы мерзімге дейін автокөлікті сатып алған жағдайда, жеңілдік көлемі 1 миллион теңгені құрайды, сондай-ақ 22 дюймдік дискілер сыйлыққа беріледі, қосымша опцияларға 50% жеңілдік жасалады.

Еске сала кетейік, Li Auto автокөліктері Қазақстандағы Allur зауытында шығарылатын болады. Компания президенті Оксана Холстининаның айтуынша, Li L6, Li L8 және Li L9 модельдерінің өндірісін локализациялау жоспарлануда. Өндіріс көлеміне келетін болсақ, бірінші кезеңде жылына 12 мың автокөлік шығару көзделіп отыр.