23.07.2026 15:57

Қай елдерде электромобильдер ең көп сатылады

Рейтингті Қытай, АҚШ және Германия бастап тұр.

AutoReport редакциясы
Қай елдерде электромобильдер ең көп сатылады
Фото: Pixabay

Car Industry Analysis хабарлауынша, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қытай, АҚШ және Германия таза электромобильдерді сату жөнінде әлемдік көшбасшылар атанды.

Сонымен қатар, Қытай жаһандық электромобиль нарығының төрттен бір бөлігінен астамын иеленіп, үлкен басымдықпен алда келеді.

2026 жылдың I тоқсанындағы электромобиль сату бойынша топ 10 ел:

  • Қытай – 1,2 млн-ға жуық сату (жергілікті нарықтағы сатудың 28%-ы);
  • АҚШ – 216 399 (5,9%);
  • Германия – 159 630 (23%);
  • Ұлыбритания – 137 614 (22%);
  • Франция – 112 083 (28%);
  • Оңтүстік Корея – 72 321 (18%);
  • Таиланд – 57 147 (28%);
  • Үндістан – 56 898 (4,3%);
  • Вьетнам – 53 684 (33%);
  • Бельгия – 39 469 (35%).

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 55,6%-ға артық.