
2026 жылдың шілдесінде Қазақстанда отандық кәсіпорындар 15 026 көлік құралын шығарды. Бұл өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 27%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстанның автокөлік одағының баспасөз қызметі.
Олардың ішінде 13 984 жеңіл автокөлік (2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда +31,8%), 587 жүк автокөлігі (-6,5%), 146 автобус (-31,1%), 37 арнайы және мамандандырылған техника, сондай-ақ 272 тіркеме мен жартылай тіркеме бар.
2026 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында қазақстандық автозауыттар барлығы 111 115 көлік құралын өндірді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға артық. Оның ішінде 102 870 жеңіл автокөлік (2025 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда +36,4%), 4 009 жүк автокөлігі (-2,0%), 1 612 автобус (+18,4%), 594 арнайы және мамандандырылған техника (+26,9%), 2 030 тіркеме мен жартылай тіркеме (-1,1%).
Осылайша, елдің машина жасау құрылымындағы автопромның үлесі 40,5%-ды құрады.
"Қазақстандық автопром өсім көрсетуді жалғастыруда. Жеті айда елде 111 мыңнан астам техника бірлігі өндірілді, ал шілде айының нәтижесі өткен жылдың сәйкес айындағы көрсеткіштен 27%-ға асып түсті. Бұл саланың дамуына биыл модельдік қатардың кеңеюі мен жаңаруы айтарлықтай үлес қосуда. Бұл өндіріс көлемі мен оқшаулауды (локализация) одан әрі арттыру үшін қосымша әлеует қалыптастырады", – деді Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева.
2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы кәсіпорындар бөлінісіндегі көлік құралдарын өндіру көлемі:
2026 жылдың қаңтар-шілде қорытындысы бойынша ең көп өндірілген маркалар: Hyundai (22 779 бірлік), Chevrolet (21 177), Kia (13 204), Changan (11 384), Chery (8 876), Haval (7 561), Jetour (5 158), JAC (3 980), Geely Galaxy (3 049) және MG (1 572).
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің болжамына сәйкес, 2026 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көлік құралдарын өндіру көлемі 190 мың бірлікке жетеді. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.