
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синьямен Қостанайдағы Allur зауытында GAC автокөліктерін құрастыру жобасын талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Модельдік қатар әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен, өндіріс көлемі белгілі.
Үкіметтің хабарламасында “Жобаны жүзеге асыру GAC автомобильдерін Қазақстан нарығына дистрибуциялаудан жергілікті өндіріске көшуге мүмкіндік береді. 2026-2028 жылдары іштен жану қозғалтқыштары мен гибридті күштік қондырғылары бар модельдерді қоса алғанда, 17 мың машина шығару жоспарлануда”, – делінген.
Өз кезегінде, әлемдік нарықтың 40%-ын иеленетін, электромобильдерге арналған аккумулятор шығаратын ең ірі өндіруші – CATL компаниясы Қазақстанда аккумуляторлар өндірісін шығару және оларды утилизациялау жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазақстанда GAC автокөліктерінің өндірісі құрастырылатыны туралы ақпарат 2026 жылдың сәуір айында белгілі болған еді. Ол кезде Allur компаниясы бұл көліктер тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен қатар экспортқа да шығарылатынын хабарлаған болатын.