19.08.2026 12:50

Қазақстанда BAIC автокөліктері қанша тұрады

Бренд бірден жеті модельді таныстырды.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда BAIC автокөліктері қанша тұрады
Ашық дереккөздерден алынған фото

2026 жылдың 13 тамызында Қазақстанда BAIC автокөліктерінің сатылымы басталды. Бренд отандық автонарыққа бірден жеті модель ұсынды. AutoReport редакциясы компанияның не ұсынып отырғанын және бағалары қандай екенін зерттеп көрді.

Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы сатылымдар Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей және Петропавл қалаларындағы серіктестерде басталып кеткенін хабарлады. Жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша 10 дилерлік орталық ашу жоспарланып отыр.

"Марканың өңірде сәтті орын тебуінің негізі жергілікті өндіріс болды – бренд автокөліктерін құрастыру Қазақстанда, Қостанайдағы Allur зауытының қуатында жолға қойылды. Осының арқасында BAIC-тің барлық моделі бастапқыда-ақ еліміздің климаты мен шынайы пайдалану жағдайларына бейімделген", – делінген Allur хабарламасында.

BAIC Қазақстанда жеті модель ұсынып отыр – үш жол талғамайтын көлік, үш кроссовер және бір седан.

BAIC U5 Plus алдыңғы жетекті седаны Luxury және Honor жиынтықтауларында тиісінше 9,49 млн және 11,29 млн теңге бағасымен ұсынылады. Автокөлік қуаты 113 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Седанның ұзындығы – 4 660 мм, ені – 1 820, биіктігі – 1 480, дөңгелек базасы – 2 670, клиренсі – 155.

BAIC X35 шағын кроссовері де алдыңғы жетекті және қуаты 150 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Автокөлік Fashion Plus және Luxury жиынтықтауларында тиісінше 10,19 млн және 12,09 млн теңге бағасымен ұсынылады. Көліктің ұзындығы – 4 325 мм, ені – 1 830, биіктігі – 1 640, дөңгелек базасы – 2 570, клиренсі – 180.

BAIC X55 модельі Comfort, Luxury және Premium сияқты үш жиынтықтауда сәйкесінше 11,39 млн, 11,99 млн және 14,19 млн теңге тұрады. Жетегі – алдыңғы. Модель қуаты 188 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Кроссовердің ұзындығы – 4 620 мм, ені – 1 886, биіктігі – 1 680, дөңгелек базасы – 2 735, клиренсі – 160.

BAIC желісіндегі үшінші кроссовер – X7. Модель қуаты 188 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Жетегі де алдыңғы. Автокөлік Comfort, Luxury және Premium жиынтықтауларында тиісінше 12,99 млн, 13,79 млн және 16,39 млн теңге бағасымен ұсынылады. Автокөліктің ұзындығы – 4 745 мм, ені – 1 892, биіктігі – 1 715, дөңгелек базасы – 2 800, клиренсі – 200.

BAIC BJ30 жол таңдамайтын көлігі Қазақстанда жалғыз Comfort жиынтықтауында 14,89 млн теңгеге ұсынылған. Алдыңғы жетекті автокөлік те қуаты 138 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Модельдің ұзындығы – 4 730 мм, ені – 1 910, биіктігі – 1 790, дөңгелек базасы – 2 820, клиренсі – 215.

BAIC BJ30e гибридті жол таңдамайтын көлігі қуаты 158 ат күшін құрайтын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен және жалпы қуаты 301 киловатт болатын екі электр қозғалтқышымен жабдықталған. Автокөлік Luxury және Premium жиынтықтауларында тиісінше 15,09 млн және 17,59 млн теңге тұрады. Автокөліктің ұзындығы – 4 730 мм, ені – 1 910, биіктігі – 1 790, дөңгелек базасы – 2 820, клиренсі – 215.

Өз кезегінде, толық жетекті BAIC BJ40 Pro қуаты 254 ат күшін құрайтын екі литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Автокөлік жалғыз Premium жиынтықтауында 19,49 млн теңге бағасымен ұсынылады. Көліктің ұзындығы – 4 790 мм, ені – 1 940, биіктігі – 1 895, дөңгелек базасы – 2 760, клиренсі – 220.

Қазақстандағы BAIC желісінің флагманы – жалғыз Flagship жиынтықтауында 24,39 млн теңгеге қолжетімді толық жетекті BAIC BJ60 жол таңдамайтын көлігі. Автокөлік 48 вольттық электр генераторымен жұмыс істейтін екі литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Жол таңдамайтын көліктің қуаты 266 ат күшіне дейін жетеді. Модельдің ұзындығы – 5 040 мм, ені – 1 955, биіктігі – 1 925, дөңгелек базасы – 2 820, клиренсі – 215.